Атырау, 24 желтоқсан 04:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Астанадағы боранның салдары: құлаған шырша, қираған аялдама мен балкон

Сурет Бейнежазба
3 357 рет қаралды


Астанада қатты соққан желдің салдарынан шырша құлады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«11 қаңтарда 09 сағат 23 минутта қатты соққан желдің салдарынан «Ailand» отбасылық демалыс орталығының алдында шырша құлап, қуанышқа орай, ешкім зардап шекпеді», - делінген Астана қалалық мониторинг және жедел жауап қайтару ортылығының Facebook-тегі парақшасында.   

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде көпқабатты тұрғын үйдің балконы қирап жатқан видео пайда болды. 



Редакцияға елордадағы қатты желдің салдары бейнеленген суреттер келіп жатыр. 


Онда құлаған аялдама мен автомобильдің үстіне түскен металл құрылымдар бейнеленген.

Сонымен қатар, әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарын бұрқасында абай болуға шақыруда. 

Зақымданған ғимараттарда, жарнама бағандарының тасасына, автобус аялдамаларында тығылуға кеңес бермейді, себебі шатыр жабындысының құлап кету қаупі бар. 

Дереккөз: inform.kz

11 қаңтар 2018, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.