Атырау, 24 желтоқсан 04:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Астана мен Көкшетау әуежайы уақытша жабылды

2 493 рет қаралды

Көрнекі сурет
Астанада боранға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайы уақытша жабылды. Сағат 13:00-ге дейін әуе рейстеріне қызмет көрсету тоқтатылды. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады. Әуежай сайтында ондаған ішкі және халықаралық рейстердің кейінге шегерілгені көрсетілген.


Министрлік ауа райына байланысты Көкшетау әуежайы да уақытша жабылғанын мәлімдеді.

Астанадағы қатты боранға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылып, Астана-Қарағанды, Астана-Павлодар жолдары жабылған.

Дереккөз: azattyq.org


11 қаңтар 2018, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.