Атырау, 24 желтоқсан 04:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Халықаралық терминдерді қазақ тіліне аудару қайта қаралады

1 369 рет қаралды



Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Мәдениет және спорт министрлігіне халықаралық терминдерді қазақ тіліне аудару тәсілдерін қайта қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елбасы жолдауда қазақ тіліндегі терминология мәселесіне де ерекше назар аударды. Қалыптасқан халықаралық терминдерді аударып, қазақ тілін қиындатудың қажеті жоқ екенін атап көрсетті. Қайта біз латын графикасына көшу жағдайында халықаралық терминдерді тілімізге ыңғайлы, ұтымды пайдалану жағын қарауымыз керек. Осыған байланысты мәдениет және спорт министрлігі жалпы жұрт мақұлдаған әлемдегі терминдерді аударудың тәсілдерін қайта қарауы тиіс", — деп тапсырды Сағынтаев үкімет отырысында министр Мұхамедиұлына. 

Айта кетсек, президент жолдауында халықаралық терминдерді қазақ тіліне аудару тәжірибесін сынаған болатын. Мемлекет басшысы тәсілдерді қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындатуды тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

11 қаңтар 2018, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.