Атырау, 4 мамыр 03:49
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Астана әкімдігі ауа райына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын абай болуға шақырады

1 508 просмотра

Фото: BNews.kz


Ауа райының қолайсыздығына байланысты, төтенше жағдайларды алдын-алу мақсатында, барынша көшеде абай болуларыңызды сұраймыз, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес береміз. Бұрқасын жел болған жағдайда, далада қалған болсаңыз, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңыз қажет. 

Атап айтқанда, құрылыс алаңдарынан ары жүріп, жарнама ілінген тақталардан сақтанып, электр сымдары мен ағаштардан айналып өтулеріңізді сұраймыз.

Төтенше жағдайлар департаменті кез-келген жағдайда 112 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Дәл қазір қаладағы барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.


Фото: BNews.kz


Кеше тәулік ішінде қаладан 34 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл туралы қаланың «Астана Тазалық» ЖШС хабарлады.

«Тәулік ішінде Астанада 34 227 текше метр қар шығарылды. Соның ішінде, «Астана Тазалық» ЖШС 11 787 текше м, «Астана-көгалдандыру құрылысы» АҚ 2 159 текше м және мердігер ұйымдармен 20 281 текше м қар шығарылды», - делінген хабарламада.

Жолдарды тазалау және қар шығару жұмыстарына 1345 техника тартылды, соның ішінде Алматы ауданында 557, Сарыарқа ауданында 343 және Есіл ауданында 445 техника. Атап айтқанда, сыпыру-жинау машиналары, тротуар жинайтын машиналар, шнекороторлық техника, құмтөсегіштер, автогрейдерлер, қар тиегіштер, фронталдық тиегіштер және самосвалдар.

Бұдан басқа, қарды қолмен жинауға 1888 жол қызметкері: Алматы ауданы бойынша 845, Сарыарқа ауданы бойынша 560 және Есіл ауданында 483 жұмыскер тартылды.

Дереккөз: BNews.kz

11 қаңтар 2018, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.