ФУТБОЛ
Таяуда 2005 жылғы футбол орталықтарының шәкірттері арасында футболдан ел чемпионаты аяқталды. «Атырау» ФК жанындағы футбол орталығы командасы 7-орын алды, бірақ, шабуылшы Темірлан Жиенәлиев (суретте) 11 гол соғып, чемпионаттың үздік бомбардирі атанды.
Кезекті жаттығуда Темірланға оның бапкерлері Нұрхат АХМЕТОВ пен Нұрсұлтан ОЛЖАҒАЛИЕВ ҚР Футбол федерациясының арнайы жүлдесін табыс етті.
ДЗЮДО
Алматыда 2001-02 жылғы жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті.
Атырау құрамасында Әділет Сапарғалиев алтын алқамен ерекшеленді. Рахмет Махамбет күміс алқа, Әбілхайыр Ұлықбек қола алқа иеленді.
ТАЕКВОНДО
Атырауда жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері арасында ашық турнир өтті.
Айдана Еділбаева, Айгүл Елубай, Серік Арсен мен Алмас Меллатов алтын алқа, Алина Дадикенова күміс алқа алды.