Атырау, 24 желтоқсан 05:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Шымкентте қатты дауыл кезінде екі ұшақ соқтығысып қалды

1 990 рет қаралды


Қатты дауыл кезінде Шымкент әуежайының тұрағындағы оқу-жаттығу ұшақтарына зақым келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. 

«2017 жылдың 27 желтоқсаны күні Шымкент қаласының әуежайындағы арнайы тұрақта тұрған «Training center Part FCL» ЖШС-на тиесілі тіркеу нөмірлері UP-CS018 және UP-CS019 Cessna-172 ұшақтарында оқыс оқиға болды. Ұшақтардың бағыттау құралы мен қанаттарына зақым келген. Жіберілген радиохабарламаға сәйкес, тұрақтағы ұшақтардың соқтығысуына қатты дауылды жел мен олардың бір-біріне өте жақын орналасуы себеп болған», - делінген комитеттің Фейсбуктегі парақшасында. 

Айта кету керек, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті 25 желтоқсаны күні аталған ұшақтарға Шымкент-Алматы бағыты бойынша бір рет ұшуға рұқсат берген. 

Еске сала кетсек, «Training center Part FCL» ЖШС-ы оқу-жаттығу орталығы акцияларының 9%-ы «Азаматтық авиация академиясы» АҚ қарасты. 

Мұның алдында «Training center Part FCL» ЖШС-ы ұшақтары әуе оқиғаларының орын алуына байланысты әуе компаниясы ұшақтарының ұшуына шектеу қойылған болатын.

Дереккөз: inform.kz

5 қаңтар 2018, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.