Атырау, 19 мамыр 10:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Елбасына хат жазған бүлдіршіннің арманы аяқсыз қалмады

2 413 просмотра

Бейнежазбадан алынған кадр

Армандар орындалады. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алматы қаласының тұрғыны Майсарова Мединаға елбасының  атынан мерекелік сый табысталды. 

Сөйтсе, осыдан тура 1 ай бұрын 5-ші сынып оқушысы президентке хат жазып, күшік сұраған екен. Мемлекет басшысы бүлдіршіннің  арманын аяқсыз қалдырмады. Елбасының атынан асыл тұқымды күшікті тура жаңа жыл қарсаңында мединаның өзіне медеу ауданының   әкімдігі тарту етті.

«1 ай бұрын мен Президентке хат жаздым. Өзімнің күшігім болса екен деп бұрыннан армандайтынмын. Ал анам үнемі қарсы болатын. Маған сүп-сүйкімді күшікті сыйлаған кезде, қуанышымда шек болмады. Бастапқыда таң қалдым, осындай да болады екен деп. Өзім сияқты балаларға айтарым, үміттерің үзілмесін, армандар орындалады екен», - деді Медина МАЙСАРОВА. 

Дереккөз: almaty.tv

5 қаңтар 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.