Атырау, 24 желтоқсан 05:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Алматыда ІІМ қызметкерлері парамен ұсталды

1 722 рет қаралды


ҚР ішкі істер министрлігінің қызметкерлері пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі  Нұрлан Жахин хабарлады.  

"Үшінші қаңтар күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы департаменті ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі А.Григорьев пен  ҚР ІІМ Тергеу департаментінің аға тергеушісі полиция капитаны А.Нұрболатовты жеке тұлғадан қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстады", — деді Нұрлан Жахин.

Күдіктілер Алматы ішкі істер департаментінің уақытша ұстау абақтысына жабылды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Дереккөз: sputniknews.kz

4 қаңтар 2018, 22:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.