Атырау, 19 мамыр 09:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​«Тальго» бұзылып, 220 жолаушы басқа пойызға отыруға мәжбүр болды

1 740 просмотра


«Тұлпар-Тальго» пойызынан ақау шығып, 220 жолаушы басқа пойызға отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың 4 қаңтарында «Астана-Лениногорск» бағытында қатынайтын №375 «Тұлпар-Тальго» пойызының техникалық вагонынан шыққан ақау салдарынан жолаушылар вагондарының температура режімінің төмендеуі орын алды. Аталған пойыздың 220 жолаушысы Семей стансасында стандартты вагондардан жасақталған өзге құрамға отырғызылып, діттеген жеріне жөнелтілді», - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Таратылған мәліметке қарағанда, жолаушылар діттеген жеріне жеткеннен кейін жолақы құнының айырмасы қайтарылатын болады. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ орын алған  қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Техникалық вагоннан ақау шығу себебін  қызмет көрсетуші  компаниясының мамандары анықтайды», - деп атап өтеді «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

Дереккөз: inform.kz

4 қаңтар 2018, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.