Атырау, 4 наурыз 18:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

Медициналық сақтандыру қорына 32 млрд теңге жиналды

2 297 рет қаралды


Өткен жылдың желтоқсан айында міндетті медициналық сақтандыру қорына 7,4 млрд теңге аударылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Медициналық сақтандыру әлеуметтік қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап қордағы жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер аударымы мен төлем мөлшері 32,1 млрд теңгені құрады.

«Аталған соманың 26,4 млрд теңгесі (82,2%) азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарттар негізінде жұмыс істейтін жұмыс берушілер, 5,7 млрд теңгесі (17,8%) жекеменшік кәсіпкерлер тарапынан келіп түсті», - делінген баспасөз хабарламасында.

Аймақ бойынша ең көп сома Алматы, Астана, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан келіп түсті.

Дереккөз: baq.kz

4 қаңтар 2018, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.