Атырау, 24 желтоқсан 05:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Қазақстанда 2018 жылы АЕК мөлшері қалай өзгерді?

3 468 рет қаралды


1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) және жалақының ең төменгі мөлшері (ЖТМ) өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

ҚР "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан келесідей өзгерістер енгізіледі:

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) жәрдем ақы және әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ айыппұлдар, салық және басқа да төлемдер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес - 2 405 теңге; 

жалақының ең төменгі мөлшері ЖТМ - 28 284 теңге; 

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері  - 15 274 тенге; 

зейнетақының ең төменгі мөлшері - 33 745 тенге; 

базалық әлеуметтік төлем үшін ең төменгі күнкөріс минимумы - 28 284 теңге.


Дереккөз: tengrinews.kz

3 қаңтар 2018, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.