Атырау, 24 желтоқсан 05:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Қытай банкі қазақстандық компанияға 120 млн доллар бөледі

2 422 рет қаралды

Қытай банкі Еуропа қайта құру және даму банкімен бірігіп қазақстандық «ШалқияЦинк ЛТД» компаниясының жобасын қаржыландырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

2017 жылдың маусым айында аталған екі банк Шалқия аймағындағы қорғасын-мырыш компаниясын кеңейту үшін жалпы сомасы 295 млн доллар болатын несие бермек.

«ШалқияЦинк ЛТД» - Қызылорда аймағында жер асты су алу мен Шалқиядан шығатын полиметалл кендерді өндіріп, зерттейтін тау-кен компаниясы.

BrookHunt зерттеу компаниясының мәліметінше, Шалқиядан шығатын мырыш қоры ҚР барлық қорының 30%-ын құрайды. JORC классификациясына сәйкес, аталған кен орны мырыш өндіруден үлкендігі жағынан 6,5 млн тонна қорымен әлемде бесінші орында тұр.

Дереккөз: baq.kz

3 қаңтар 2018, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.