Атырау, 30 наурыз 08:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

​Қазақстанда жаңажылдық ерекше флешмоб басталды

Бейнежазба
2 910 рет қаралды


Қазақстандықтар Жаңа жылдың символдарын автокөліктерімен бейнелеп жатыр. Флешмоб желтоқсанда басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Флешмобты алғашқылардың бірі болып Астананың джипперлері өткізді.   



Кейін Талдықорған тұрғындары 30-дан аса автокөлікпен шыршаның пішінін келтірді. 24 желтоқсанда осыған ұқсас флешмоб Екібастұзда өтті, оған 40-тан аса көлік қатысты. 



Сонымен қатар, Атырауда көліктерден жасалған шырша түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды. 

Ал Павлодар тұрғындары көліктерден сағаттың пішінін жасады. Автоәуесқойлар эстафетаны біріне-бірі беріп жатыр, сондықтан мерекенің алдындағы флешмоб әлі бірнеше қалада өтуі мүмкін. Оған қатысуға ниетті адамдар бір-бірімен әлеуметтік желі арқылы байланысады. 

Флешмобқа қатысушылар көліктерімен түрлі пішіндер жасап қана қоймай, түрлі жарықтармен безендіруде алдарына жан салмай жатыр.


Авто - флешмоб. Ёлка из машин #Атырау | #zello
Публикация от Атырау | Казахстан (@atyrau.zello)


Дереккөз: tengrinews.kz

31 желтоқсан 2017, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.