Атырау, 28 наурыз 20:14
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Есірткі сатқан полицейлер сотталды

Бейнежазба
2 510 просмотра


Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта Абай аудандық ІІБ-нің бұрынғы учаскелік полицейлеріне қатысты үкім шығарылды, - деп жазды Otyrar.kz

Порталдың хабарлауынша, экс-полицейлер есірткі заттарын сатуға әзірлеген және тұтынуға көндірген деп айыпталды. Ал сотталғандар өз кінәларын мойындамады және ақырына дейін нашақорларды ұстаймыз деп құрбан болдық деп айта берді. Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Б.Баязеровке, Н.Алғаға, Т.Ділдабековке, Н.Досболовқа қасысты қылмыстық істі қарап шықты. Төртеуі де бұған дейін учаскелік полицей қызметін атқарған. Екеуі - капитан, екеуі аға лейтенант болған. Процеске қатысты толық мәліметті қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың БАҚ-пен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Әбинұр Қарабаев хабарлады.

"Олар бірінші есірткіні алып, біреуге берулері керек болған, ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің агенті болып шықты. Олар оны берген соң, есірткі затын пайдаланатын адам тауып беруін өтінген. Олар сол кезде оны есірткі пайдаланғаны үшін ұстап алмақшы болған. Олар осылайша жұмыстағы көрсеткіштерін жақсартқылары келген", - деді Қарабаев.

Басылымның мәліметінше, осы жылдың ақпанынан бастап арнайы қызмет учаскелік полицейлерді шұғыл тексере бастады. Олар сәуір айында марихуананы беріп тұрған жерлерінде ұсталды.

"Үшеуі 24-баптың 1-бөлімі (қылмысқа дайындалу); 297-баптың 3-бөлімі 1,4-тармағы (есірткі заттарын заңсыз өткізу) және 299-баптың 2-бөлімі 1-тармағы (есірткі заттарын тұтынуға көндіру) бойынша айыпталды. Бұлар 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Төртіншісі есірткі заттарын тұтынуға көндіру бойынша айыпты деп танылды. Ол марихуананы өткізу кезінде болмаған, оқуда жүрген. Ол 3 жылға сотталды. Барлығы да шендерінен айырылды, сонымен қатар оларға 10 жылға дейін құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге шектеу қойылды", - деді үйлестіруші. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.



Дереккөз: tengrinews.kz

30 желтоқсан 2017, 13:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.