Атырау, 19 мамыр 11:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Шығыс Қазақстандағы шахтаның бір ауысым кеншілері жұмысқа шықпай қойды

1 562 просмотра


Бүгін ШҚО-ның Артемьев кенішінің таңғы ауысымы жұмысқа шықпады. Адамдар жұмыс кестесін өзгертуді және еңбекақыны көтеруді сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

KAZ Minerals баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі ауысым жұмысын қалыпты аяқтаған, ал таңғы ауысым жұмысқа келгенімен, шахтаға түспей қойған. Өйткені кәсіпорында жиналыс жүріп жатқан. 

"Кеншілер сұрақтар қойып, ұсыныстар айтты. Күн тәртібіне үш ауысымды жұмыс кестесін енгізу мен еңбекақыны көтеру мәселесі талқыланды. Бұл ереуіл немесе заңсыз жиналыс деп айтуға келмейді", - дейді ШҚО бойынша KAZ Minerals корпоротивтік байланыс департаментінің менеджері Ермек Дюзкенев. 

Компания өкілдерінің сөзінше, KAZ Minerals басшылығы кеншілердің еңбекақысын 24 пайызға көтеру туралы шешім қабылдады. Жұмысшылар келесі жиналысты 2018 жылдың 10 қаңтарында өткізбек.

Дереккөз: tengrinews.kz

28 желтоқсан 2017, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.