Атырау, 24 желтоқсан 03:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Асылбек Мусин 15-қабаттан құлаған - СІМ

2 410 рет қаралды


Асылбек Мусин терезеден құлап кеткен. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

"Қазақстан азаматының Ригада көз жұму дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өлім себебін анықтауға бағытталған тергеу басталған. Кеше марқұмның ағасы Ригаға келіп, консулмен бірге сот-медициналық сараптама орталығында болды. Ол жерде ағасы көз жұмған Асылбек Мусин екенін растады", - дейді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Полицейлердің ақпараты бойынша, марқұм 15-қабаттан құлаған. Асылбек Мусин Қазақстан елшілігінің консулдық тіркеуінде болмаған. Кей мәліметтер бойынша, оның елде тұруына ықтияр хаты болған.  "Оқиға 22-нен 23 желтоқсанға қараған түні болған. Іс 22 желтоқсан сағат 23:42-де полицияда тіркелді", - дейді ведомство өкілдері.  

Еске салайық, 27 желтоқсанда Латвия астанасы Ригада Қазақстан Президенті Әкімшілігінің экс-жетекшісі Аслан Мусиннің ұлы - Асылбек Мусин қайтыс болғаны хабарланған болатын. Асылбек Мусиннің әкесі Аслан Мусин 2008-2012 жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігін басқарған. Ал 2014 жылдың наурызында Аслан Мусин Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болып тағайындалды. Бірақ 2017 жылдың қаңтарында зейнет жасына келуіне байланысты бұл қызметтен босатылған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz


28 желтоқсан 2017, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.