Атырау, 3 маусым 05:55
 дождьВ Атырау +14.4
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

​Ригада Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин қайтыс болды

3 147 рет қаралды


Латвия астанасы Ригада Қазақстан Президенті Әкімшілігінің экс-жетекшісі Аслан Мусиннің ұлы - Асылбек Мусин қайтыс болды. Бұл мәліметті ҚР СІМ өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Оның (Асылбек Мусиннің - автор.) Ригада қайтыс болғанын растаймыз. Ригадағы консул оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Асылбек Мусиннің әкесі Аслан Мусин 2008-2012 жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігін басқарған болатын. Ал 2014 жылдың наурызында Аслан Мусин Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болып тағайындалды. Бірақ 2017 жылдың қаңтарында зейнет жасына келуіне байланысты бұл қызметтен босатылды.

Дереккөз: tengrinews.kz

27 желтоқсан 2017, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.