Атырау, 24 желтоқсан 02:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Алматы облысында әкесі өртеп жіберген 18 жастағы қыз қайтыс болды

4 004 рет қаралды


Әкесі өртеп жіберген 18 жастағы қыз Алматы облысы Іле аудандық орталық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ер адам қызымен қосы ұлын да өртеген болатын. "Қыздың денесінің 80 пайызына және тыныс алу жолдарының 30 пайызына зақым келген. Күйік ІІІ дәрежелі болды. Өкінішке қарай, ол бүгін таңертең қайтыс болды", - деп хабарлады Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар. 

Еске сала кетейік, 20 желтоқсанға қараған түні Өтеген батыр ауылындағы Титов көшесіндегі жатақханада 44 жастағы ер адам мен оның 12 жастағы ұлы өртеніп кетті. 

Оқиға себептеріне қатысты бір нұсқада отағасының бұрынғы әйелі мен балаларына барып, өз үстіне бензин құйып, жағып жібергені айтылады. Отқа оранған пәтерден әйел ғана шыға алған. Әкесі өртеп жіберген қызға шұғыл түрде қан керек екені бұған дейін хабарланған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

24 желтоқсан 2017, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.