Атырау, 24 желтоқсан 02:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Төреғали Төреәлі елді шулатқан видеоға қатысты жауап берді

Бейнежазба
3 912 рет қаралды


Әлеуметтік желіде танымал әнші Төреғали Төреәлінің өз концертінде ерсі қылық көрсеткен видео тарады.

Видеодан әншінің концертіне келген көрерменінің бірімен дөрекі сөйлесіп, соңында "Ұнамай ма? Шығып кетіңіз!" деп айтқанын көруге болады.



Желі қолданушылары Төреғалидің бұл оғаш қылығына наразы болып, ел баласына тән емес мінез көрсеткен әншіні сөгіп жатыр. 

Халықтың сынына ұшыраған әнші инстаграмдағы парақшасына "Өтірік" деп жазып қойған.

Жазбаның астына пікір қалдырғандардың көпшілігі видеоның өтірік екеніне сенбей отыр.

Дерекөз: sputniknews.kz

23 желтоқсан 2017, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.