Атырау, 6 мамыр 12:46
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қазақстан «Eurovision» байқауына қатысады

2 018 просмотра


"31 арнаның" бас директоры Бағдат Қожаxметовтің айтуынша, келесі жылдың қараша айында "Junior Eurovision" байқауына жас әншілер қатысса, 2019 жылы кәсіби орындаушылар ел намысын үлкен "Eurovision"-де қорғай алады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

"Бүгін бізге Португалиядан жауап xат келді. Оған сәйкес, мамыр айында біз "Eurovision"-ге үлкен әншілерімізді апара аламыз. Олар алдымен іріктеу турына қатысады. Одан өткендер 2019 жылы болатын байқаудың негізгі жарыстарында өз өнерін көрсете алады", - деді Б.Қожаxметов бүгін журналистерге берген сұxбатында. 

Оның айтуынша, Eurovision байқауы - бұл European broadcasting union (EBU) атты ұйымның жобасы. Ал оған қатысу үшін аталған ұйымға сол елдің телеарнасы мүше болып кіруі тиіс. Мемлекеттік ұйымдар өтінім бере алмайды. "31 арна" ұйымға мүше болып, Қазақстанның атынан әншілерді жіберуге мүмкіндік алды.

"Біздің әншіміз жеңсе, Eurovision байқауы Қазақстанда өтеді", - деп атап көрсетті Б.Қожаxметов. 

Айта кетейік, аталған xалықаралық байқаудың аясында балаларға арналған "Junior Eurovision" конкурсы да ұйымдастырылады. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен жас әншілер қатысады. Келесі жылы Қазақстан бойынша осы байқауға да іріктеу шарасы өтеді. Одан сүрінбей өткендер қараша айында Минск қаласындағы "Junior Eurovision"-ге қатыса алады. Іріктеуге Украинаның «Голос. Дiти» байқауында жеңіске жеткен алматылық әнші Данэлия Төлешова да қатысамын деп отыр.    

Жас әнші туған тілінде ән айтуды қалайды.   

Дереккөз: inform.kz

23 желтоқсан 2017, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.