Атырау, 6 мамыр 06:28
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Алматыда тоңазытқыштан табылған егіздердің ата-анасына үкім шығарылды

1 998 просмотра


Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тоңазытқыштан табылған егіздердің ата-анасына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.   

 29 жастағы Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов пен 34 жастағы Алла Волченко ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1, 3, 7 тармақшаларында (Кісі өлтіру) және 119-бабында (Қауіпті жағдайда қалдыру) қарастырылған қылмысты жасады деп танылды.  

Сот Гильмутдиновты 20 жылға бас бостандығынан айырды, ал Алла Волченко 18 жыл өмірін темір тордың ар жағында өткізеді. Екеуі де маскүнемдіктен емделеді.  

Гильмутдинов сотта кінәсін толық мойындап, өкінетінін жеткізді, Алла Волченко үлкен ұлы – екі жасар Равильге қатысты ата-ана құқығынан айырмауды сұрады.  

Сот үлкен ұлды әкімдік жанындағы қамқоршылық органдарына беруге қаулы етті.   

 Жақса толмаған егіздердің мәйіті қыркүйек айында жалдамалы пәтерлердің бірінде тоңазытқыштан табылған еді. Оларды балалардың анасымен бірге тұратын ер адам өлтірген болып шықты. Ер адам балалардың әкесі екенін мәлімдеді. Егіздердің ата-анасы олардың денесі табылғаннан кейін келесі күні ұсталды.

Әкесі сәбилерді ұйықтауға мұрша бермеген соң өлтірдім деп жауап берді.

Дереккөз: sputniknews.kz

22 желтоқсан 2017, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.