Атырау, 25 сәуір 18:03
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Елбасы Данэлия Төлешованың өнеріне тәнті болды

2 162 просмотра


Украинаның «Голос. Дiти» байқауының финалына бір күн қалғанда Данэлия Төлешова елге келіп, Тәуелсіздік күніне арналған концертке де қатысып үлгерді.  Бүгін жас әншімен кездескен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы Елбасының жылы лебізін жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы сенің өнеріңе тәнті болғанын жеткізуді сұрады. 15 желтоқсанда Данэлия Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шарада өнер керсетті. Президент те, xалық та өз ризашылығын айтып жатыр. Енді, бұл - үлкен ерлік. Данэлия 15 желтоқсанда ұшып келді де бірден концертке қатысты. Сол күні түнде Киевке аттанды. Себебі 16-сында - финал. Ұзақ жолға қарамастан, тамаша өнер көрсетіп, жеңіске жетті", - деді А.Мұxамедиұлы бүгін Данэлия Төлешовамен болған кездесуде. 

Айта кетейік, кездесу кезінде министр жас әншіге өз құттықтауын жеткізіп, мини-айпад сыйлады. Сол жерде Данэлия Төлешова алдағы жоспары жайында айтып берді.  

Жас әнші туған тілінде ән айтуды қалайды.


Дереккөз: inform.kz

22 желтоқсан 2017, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.