Атырау, 24 желтоқсан 00:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Үндістандық кәсіпкерлерге салықтан жалтаруға жол бермейтін заң мақұлданды

2 084 рет қаралды


Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР Үкіметі мен Үндістан Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Осы заң аясында енді үндістандық кәсіпкерлер салықтан бас тарта алмайды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Аталған заң жобасын депуттарға қаржы министрі Бақыт Сұлтанов таныстырды.

«Бұл хаттама, біріншіден, ақпарат алмасуды кеңейту жолымен екі мемлекеттің салық қызметтерінің ынтымақтастығын дамытуға, екіншіден, салықтан жалтарулар мен Конвенция ережелерін теріс пайдаланулар болған кезде ішкі заңнаманы қолдануға мүмкіндік береді. Үшіншіден, салық органдарының салықтық берешектерді өндіріп алу бойынша салық қызметтерінің ынтымақтастығын кеңейту жолымен салықтан жалтаруды болдырмауға мүмкіндік береді. Конвенцияны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді», - деді ол.

Министрдің айтуынша, Қазақстан мен Үндістан арасында тауар айналымы соңғы 10 жылда 5 млрд долларды құраған. Ал 2016 жылы қос ел арасындағы тауар айналымы 618,4 млн долларға жеткен. Қазақстандық экспорттың негізгі өнімі: уран мен шикі мұнай өнімдері. Ал еліміз Үндістаннан қара шай, дәрілік заттарды импорттайды. Отырыста Мәжіліс депуттары аталған заң жобасын мақұлдады.

Дереккөз: baq.kz

20 желтоқсан 2017, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.