Атырау, 4 мамыр 22:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

​Қазақстанда педофилдер көбейген - Зағипа Балиева

2 114 просмотра


Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева елімізде педофилия дертінің көрсеткіші артып бара жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"2017 жылдың 9 айдағы көрсеткішін 2016 жылдың осы мерзімдегі қорытындысымен салыстырсақ, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің мәліметінше, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау сияқты қылмыстың - 100-ден 133-ке дейін артқанын көреміз. 33 пайызға артқан. 2016 жылы зорлықшылардан 180-нен аса бала зәбір көрген еді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда аз, бірақ, бұл көрсеткіш елімізде педофилияның артып келе жатқанын білдіреді", - дейді Балиева үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында.  Депутат 2018 жылдан бастап педофилдерді химиялық кастрациялауға рұқсат ететін норма күшіне енетінін еске салды.  "Денсаулық сақтау және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері қаншалықты дайын? Егер абақтыда бұл мәселені қандайда бір жолмен шешуге болатын болса, басқа жаза қолданылып, түрмеден босап шыққан зорлықшыларға не істеуге болады", - деп сұрады депутат.  Балиева үкіметтен осы резалюцияны анық сипаттап беруін сұрады. 

Дереккөз: tengrinews.kz

13 желтоқсан 2017, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.