Атырау, 6 мамыр 03:34
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

ЭКСПО кезінде Астанадан қанша үйсіз-күйсіз адам шығарылғаны белгілі болды

1 492 просмотра


Астана ІІД полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев ЭКСПО қарсаңында қаладан үйсіз-күйсіз жүрген 200-ге тарта адам шығарылғанын айтты. 

Ол халықпен есептік кездесуі кезінде елорданы тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалардан "тазарту" бойынша қабылданған шаралар жайлы баяндады.  

"Елордада проблема бар. Ол проблеманы өзіміз жасап отырмыз, өйткені мониторинг нәтижесі бойынша, әлгі қаңғыбастардың көбісі өңірлерден келген. Біз оларды бейімдеу орталықтарына алып барамыз, туыстарымен байланыс орнатамыз. Бейімдеу орталықтарында оларға барлық жағдай жасалған, үш мезгіл тамақ береді. Алайда олар онда тұрғысы келмейді, міндетті түрде ішімдік ішуі керек. ЭКСПО қарсаңында біз 200-ге тарта адамды ең болмаса жұрттың көзіне түспеу үшін Ақмола, Қарағанды облыстарындағы емдеу мекемелеріне жібердік.Алайда Қазақстанда тағы да ЭКСПО өте ме, жоқ па, ешкім білмейді. Еліміздің беделі үшін үйсіз-күйсіз адамдардың құқығы мен мүдделерін бұзбауға тиіспіз", − деп түсіндірді Малыбаев.

Мамырдың соңы мен маусымның басында әлеуметтік желілерде  тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды Астанадан Петропавл, Көкшетау және Қарағандыға көшіруі мүмкін деген ақпарат тарады. Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменттері бұл ақпаратты жоққа шығарды.  

Дереккөз: sputniknews.kz

13 желтоқсан 2017, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.