Атырау, 6 мамыр 02:47
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

ІІМ Қарағанды облысындағы жағдайға қатысты: ешқандай әскер кіргізген жоқпыз

1 417 просмотра


Шахтерлер ереуіл жасап, жер астынан шықпай қойған Қарағанды облысында бәрі тыныш, деп хабарлады ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев. 

"Ешқандай әскер кіргізген жоқпыз. Бәрі тыныш, келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ешқандай әскери қимылдар болған жоқ, адамдар ұсталған жоқ",  — деді Тұрғымбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментіне қарасты төрт шахтаның 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда түнгі ауысымнан кейін жер астынан шығудан бас тартады. Олар бірнеше талап қойды, оның ішінде еңбекақыны жүз пайыз өсіру және зейнет жасын төмендету талабы бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 12 желтоқсанда сегіз шахтада 684 адам болғанын хабарлады. Жергілікті билік пен компания өкілдері шахтерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бүгін таңғы сегіздегі жағдай бойынша жер астынан 154 адам шықты. 

Дереккөз: sputniknews.kz

13 желтоқсан 2017, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.