Атырау, 4 мамыр 08:10
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Қазақстан келесі жылдан бастап K4 және K5 кластарындағы жанар-жағармай шығарады

2 561 просмотра


Отынның экологиялық стандарттарына көшу Кеден одағының техникалық регламентінде қарастырылған.

Қазақстан 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап K4 және K5 экологиялық кластарындағы автокөлік бензині мен дизель отынын шығаруға көшеді, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.  

"Кеден одағының "Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және теңіз отынына, авиация отынына және мазутқа қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентіне сәйкес (ТР ТС 013/2011), Қазақстан Республикасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан "K4 және K5 экологиялық кластарындағы автокөлік бензині мен дизель отынын шығаруға және айналымға енгізуге көшеді", — деп жазылған хабарламада.

Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін импорттайтын компанияларға К4 және К5 экологиялық кластарына сәйкес келетін мұнай өнімдерін импорттауды ұсынады. 

Дереккөз: sputniknews.kz

12 желтоқсан 2017, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.