Атырау, 4 мамыр 01:35
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Қарағандыда жер астынан шықпай отырған шахтерлердің саны 700-ге жуықтайды

1 228 просмотра


Қазіргі уақытта ереуіл ұйымдастырған "АрселорМиттал Теміртау" шахтерлерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Қарағанды облысында ереуілге шығып, бір тәуліктен бері жер астында қалып отырған 600-ден астам кеншімен келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлады ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

"Қарағанды облысы әкімдігінің бізге берген мәліметіне сәйкес, жердің астындағы шахтерлердің саны — 684. Сегіз шахтаның әрқайсысы өз өкілдерін жіберді. Қазір 32 белсенді жұмыс берушімен кездесіп, келіссөздер жүргізіп жатыр. Бүгін сағат тоғызда жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында келіссөздер басталды. Қарағанды облысы әкімшілігі, біздің еңбек инспекциямыз, басқа да құқық қорғау органдарының бәрі сонда. Қажетті мониторинг жасалып жатыр. Жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы келіссөздер аяқталғаннан кейін қандай келісімге келгені жөнінде қосымша ақпарат беретін боламыз", — деп хабарлады Дүйсенова журналистерге үкімет отырысынан кейін. 

Министрдің айтуынша, кеншілердің негізгі талабы — еңбекақыны жүз пайызға дейін көтеру.

"Қазіргі уақытта "АрселорМитталдың" шахталарында істеп жатқан азаматтар алатын еңбекақының ең төменгі мөлшері  — 208 мың теңге,  ал жоғары мөлшері — 326 мың теңге. Бұдан бөлек, олар еңбекке жарамсыздық парағын жүз пайыз төлеу мәселесін талап етіп отыр. Сонымен қатар еңбекақыға байланысты тарифтер жөніндегі мәселелер бар. Зейнет жасын 50-ге дейін төмендету, шахтерлердің сауықтыру кешенін қайтару мәселелері қарастырылып жатыр", — деді министр.

Дереккөз: sputniknews.kz

12 желтоқсан 2017, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.