Атырау, 3 мамыр 20:40
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Ақышев: валюта нарығындағы жағдай тұрақты

1 898 просмотра


Бүгін үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев 2017 жылдың қаңтар-қарашасындағы қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Валюта нарығындағы жағдай тұрақты. Қысқа мерзімде теңге бағамын анықтайтын фундаменталды факторлар жақсы қалыптасуда. Он бір ай ішінде теңге номиналды мәнде 0,6 пайызға нығайды. Ұлттық банктің алтын-валюта резевтері, алдын ала деректер бойынша, 11 айда 6,4 пайызға өсіп, 31,4 млрд долларға жетті. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 57 млрд долларды құрап отыр. Жалпы халықаралық резервтер 88,4 млрд долларды құрады", — деді Ақышев.

Ұлттық банк төрағасының ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері қазақстандықтардың теңгемен ашқан депозит көлемі ұлғайған. 

"Қазан айының соңында депозит көлемі 18 трлн теңгеге жетті. Шетел валютасындағы салымдар 10 пайызға қысқарса, теңгедегі салымдар, керісінше, 11 пайызға ұлғайды. Нәтижесінде шетел валютасындағы салымдар 2016 жылғы 70 пайыздан 49,4 пайызға дейін төмендеді", — деді.  

Сондай-ақ, Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің кредиттік белсенділігін жандандыру жұмысын жалғастырып жатыр. 

"Қаңтар-қазанда банктердің кредиттер көлемі 3,2 пайызға, 13,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Теңгемен кредиттер 11 пайызға, 9,5 трлн теңгеге дейін өсті. Шетел валютасымен кредиттер 13,4 пайызға қысқарды", — деді Ақышев.

Дереккөз: sputniknews.kz

12 желтоқсан 2017, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.