Атырау, 13 қаңтар 22:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Ресей СІМ Иманғали Тасмағамбетовті марапаттады

1 691 рет қаралды


Елші қос ел арасындағы стратегиялық және одақтық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгі иеленді.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей сыртқы істер министрлігі тарапынан "Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлады РФ СІМ баспасөз қызметі.

Марапат Тасмағамбетовке 11 желтоқсан күні РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасинмен кездесу барысында ұсынылды.

"Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің шешімімен ынтымақтас Қазақстанның елшісі қос ел арасындағы стратегиялық және одақтық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі, мәдени диалогты кеңейтуі, сондай-ақ ортақ интеграциялық бірлестіктер аясында өзара ынтымақтастығы үшін осы төсбелгімен марапатталады", — делінген хабарламада.

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше әрі өкілетті елшісі болып 2017 жылы 3 ақпанда тағайындалған, оған дейін вице-премьер лауазымын иеленген.

Дереккөз: sputniknews.kz

12 желтоқсан 2017, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.