Атырау, 4 мамыр 07:14
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Қарағанды облысында кеншілер талабы бойынша келіссөз жалғасып жатыр

1 495 просмотра

Фото Tengrinews.kz

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына бірнеше шахтаның кеншілері қойған талаптарға қатысты келіссөз әлі жалғасып жатыр. Компанияның Шахтинск қаласында орналасқан "Шахтинск", Қазақстан", "Ленин" және "Тентек" шахталарындағы кеншілер наразылық танытып жатыр.

Азаттық тілшісіне соңғы жеткен ақпарат бойынша, 11 желтоқсан күні таңертең шахтадан жер бетіне шығудан бас тартқан кеншілер әлі шахтада отыр және олар компания ұсынып отырған шарттармен келіспейді. Компанияның кеншілерге нендей ұсыныс жасағаны әзірге белгісіз.

Көмір өндірушілердің "Қорғау" кәсіподағының төрағасы Марат Миргаязов Азаттық тілшісінің "Қандай да бір келісім жасалды ма?" деген сұрағына "Келіссөз жалғасып жатыр, адамдар әлі шахтада, әзірге басқа ешнәрсе айта алмаймын" деп жауап берді.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының 200-ге тарта кеншісі 11 желтоқсан күні түнгі ауысымдағы жұмыстарын аяқтаған соң шахтадан жер бетіне шығудан бас тартқан. Кеншілер қойып отырған талаптардың ең бастысы - жалақыны 100 пайызға өсіру.

Кеше "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы жұмысшылар акциясын заңсыз деп хабарлаған. Компания мәліметінше, төрт шахтадағы жұмысшылардың бір бөлігі жұмыс орнын тастап шығудан бас тартқан. "Қалған шахталар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр" деп хабарлаған компания.

11 желтоқсанда Қарағанды облыстық әкімдігі жергілікті билік жағдайды бақылауға алғанын хабарлаған. "Компания басшылығы мен "Қорғау" кәсіподағы арасында еңбек заңнамасы аясында диалог басталды" деп хабарлаған әкімдік.

"АрселорМиттал Теміртау" жұмысшылары жалақыны көбейту мәселесін бұрын да бірнеше рет көтерген. 2017 жылы тамыз айында Қарағанды облысының металлургтері мен шахтерлері жалақыларын 30 пайыз көбейтуді талап еткен.

Дереккөз: azattyq.org

12 желтоқсан 2017, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.