Атырау, 3 ақпан 06:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59

​Қарағанды шахтасындағы ереуіл: 200 адам кенжардан шықпай қойды

2 357 рет қаралды


"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның 200 кеншісі жұмыстан кейін жер бетіне шықпай, кенжарда қалып қойды, деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.

"Төрт шахтаның түнгі ауысымындағы 200-ге жуық адам жұмыс уақыты бітсе де, шахтадан көтерілген жоқ. Бұл наразылық акциясы санкцияланбаған, өйткені кеншілер шахта басшылығына да, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ әкімшілігіне де ешқандай ресми талаптар қойған жоқ", — делінген компания мәлімдемесінде.

"Қорғау" көміршілер кәсіподағы тарапынан да ешқандай өтініш болмаған, деп атап өтті компания.

Қалған шахталар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

"Қазір келіссөздер жүргізілуде. Нәтижесін кейінірек береміз", — деп хабарлады "Қорғау" көміршілер кәсіподағының төрағасы Марат Мірғаязов Sputnik Қазақстан агенттігіне.   

Оқиға Қарағанды облысы әкімдігінің бақылауында.

Дереккөз: sputniknews.k

11 желтоқсан 2017, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.