Атырау, 24 желтоқсан 16:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Данэлия Төлешова Украинаның «Голос. Дiти» конкурсының финалына шықты

2 486 рет қаралды


Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова Украинаның «Голос. Дiти» конкурсының финалына шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. 

Жексенбі күні телеарнада конкурстың жартылай финалы көрсетілді. «Сенгім келмейді, мен - финалдамын!!! Қолдағандардың барлығына, әсіресе ұстазым Дима Монатикке шексіз алғыс айтамын», деп жазды жас әнші Инстаграмдағы парақшасына. Алматының 10 жастағы тумасының өнерін тамашалаған қарсыластары да, ұстазы да, қазылар алқасы да сезімдерін жасыра алмады. Данэлия жартылай финалда америкалық әнші Андра Дейдің Rise up  атты композициясын орындады.

Дереккөз: inform.kz

11 желтоқсан 2017, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.