Атырау, 24 желтоқсан 18:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

ҰҚК халықаралық террористермен байланысы бар бес адамды ұстады

2 260 рет қаралды


Петропавл қаласында халықаралық террористермен байланысы бар деген күдікпен бес шетелдік ұсталды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. 

8 желтоқсан күні ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы ІІД күштерімен бірлесіп, Петропавл қаласында бес адамды ұстады. 

Ұсталған азаматтар Қазақстанға Орталық Азия елдерінің бірінен келген. 

"Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер халықаралық террористермен байланыста болды деген күдік бар", —делінген хабарламада.

Ұсталған адамдарды серіктес мемлекеттің құқық қорғау органдарына беру мәселесі шешілуде.

Дереккөз: sputniknews.kz

9 желтоқсан 2017, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.