Атырау, 24 желтоқсан 18:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Назарбаев "Астана" футбол клубын құттықтады

1 506 рет қаралды


Мемлекет басшысы Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шығуына байланысты «Астана» футбол клубының командасын құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

«Сіздердің табыстарыңыз команданың ойынын зор қызығушылықпен әрі үмітпен бақылап жүрген миллиондаған қазақстандықтарға қуаныш сыйлады.

Сіздердің жетістіктеріңіз Қазақстанда футболды және спорт саласын одан әрі дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз. Елордамыз Астананың 20 жылдығы қарсаңындағы бұл жеңістің ерекше символдық мәні бар», – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті команда мүшелерінің бәріне зор денсаулық пен амандық тілеп, алға қойған мақсаттарының орындалуына ниеттестік білдірді.

Дереккөз: akorda.kz



8 желтоқсан 2017, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.