Атырау, 6 мамыр 04:17
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Астана" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты

1 287 просмотра


"Астана" клубы қазақ футболы тарихында алғаш болып Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Елордалық команда топтағы соңғы ойында Чехияның "Славия" командасын ұтты.

Прагада өткен аса маңызды ойында Станимир Стойлов жаттықтыратын "Астана" 1:0 есебімен жеңіске жетті. Елордалық ұжымға жеңіс сыйлаған голды 38 минутта Марин Аничич соқты. Алғашында бас төреші Давид Масса голды есепке алмағанмен, кейіннен қапталдағы көмекшісімен ақылдаса келе есепті тіркеді.

Екінші таймда алаң иелері шабуылда ширақ ойнағанмен, қазақстандық команданың қорғаушылары сәтті қорғана білді. Қақпашы Ненад Эрич қырағылық танытып, бірнеше сәтте қақпасын голдан құтқарып қалды. Нәтижесінде бірінші таймдағы есеп сақталып, "Астана" 10 ұпаймен Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты.

"Астананың" плей-офф кезеңіндегі қарсыласы 11 желтоқсан күні белгілі болады. Жеребе тастау рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында өтеді. Салтанатты шара Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

"Астана" секілді топта екінші орын алған командалар өзге топтарда бірінші орын алған команда немесе Чемпиондар лигасынан келген 8 команданың бірімен ойнайды.


Дереккөз: vesti.kz

8 желтоқсан 2017, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.