Атырау, 23 желтоқсан 21:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қазақстан Иерусалим мәртебесі жайлы мәлімдеме жасады

2 267 рет қаралды


Қазақстан Иерусалим қаласының мәртебесіне қатысты жағдайдың шиеленесуіне орай өз алаңдаушылығын білдіреді және барлық мүдделі тараптарды ұстамдылыққа шақырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

"Иерусалимнің қазіргі мәртебесінің сақталуын жақтай отырып, Қазақстан халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы және Қауіпсіздік Кеңесінің 181 (1947), 242 (1967), 338 (1973), 2334 (2016) қарарлары, сондай-ақ 2002 жылғы Араб бейбіт бастамасы негізінде палестиндік-израильдік реттеуге қолдауын растайды. Палестиндік-израильдік қақтығыстың шешімі 1967 жылғы шекараларда астанасы Шығыс Иерусалим болып табылатын Палестина Мемлекетінің құрылуын көздейтін "екі халыққа екі мемлекет" қағидасына сәйкес іске асуы тиіс", - делінген мәлімдеде.  Сонымен қатар, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Таяу Шығыста бейбітшілікті орнатудың ажырамас шарты болып табылатын өңірдегі тұрақтылықты қалпына келтіру процесіне толық қолдауын көрсетуді жалғастыратыны айтылады. Осыған дейін, АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп танығанын жария еткен. Израиль болса қаланың шығыс аудандарын, жарты ғасыр бұрын Иорданиядан тартып алынған және кейінірек аннексиялаған тарихи орталығын қоса алғанда "біртұтас әрі бөлінбейтін" астана деп жариялады. Алайда әлемдік мемлекеттер анексияны қолдамай, осы мәселенің таяу шығыстағы жанжалдың ушығуына әсер беретінін айтып, Иерусалимнің шығыс бөлігіне үміткер палестиналықтармен бейбіт келісімге келуге шақырады. Ал барлық шетелдік елшілік Тель-Авивте орналасқан.

Дереккөз. tengrinews.kz

7 желтоқсан 2017, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.