Атырау, 2 мамыр 02:54
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстанда ескі көліктерді қайта өңдейтін алғашқы кәсіпорын ашылды

1 781 просмотра


АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik.  Ұлттық телекөпір барысында президент Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысындағы ескі көліктерді қайта өңдейтін кәсіпорынды іске қосты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кәсіпорын жылына тозығы жеткен автокөліктердің 50 мыңын қайта өңдеуге қауқарлы.

"Бұл осы бағыттағы еліміздегі алғашқы кәсіпорын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстанда бар болғаны 700 мың автокөлік болған еді.  Ал қазір біздің жолдарымызда 5 миллионға жуық көлік жүр. Олар тозып-ескіреді, қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Ал бұл зауыт осындай көліктерді игілікке жарататын болады. Елімізде жеңіл автокөліктің  18 түрі шығарылатынын ескерсек, зауыт жұмысы өнімді болары даусыз", — деген мемлекет басшысы қазақстандықтарды бірегей зауыттың ашылуымен құттықтап, кәсіпорын ұжымына сәттілік тіледі. 

Жалпы, ұлттық телекөпір барысында  индустриалды-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік 25 жаңа өндіріс ошағы іске қосылды.

Read more: sputniknews.kz

6 желтоқсан 2017, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.