Атырау, 20 сәуір 04:28
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Ұлы дала елі" брендін пайдалану құқығына ие болған компаниялар белгілі болды

2 369 просмотра


АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik.  Астанада жыл сайын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін "Алтын сапа" сыйлығы, "Қазақстанның үздік тауары"  республикалық көрме-байқауы аясында  "Ұлы дала елі" байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Салтанатты шарада жеңімпаз компанияларға "Ұлы дала елі" брендін пайдалану құқығы берілді. Онлайн-дауыс беру арқылы таңдалған үздік компанияларды "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев марапаттады.

"Ұлы дала елі" брендін пайдалану құқығына "MKS Logisticts" ЖШС (Маңғыстау облысы, директоры – Мұрат Серсембаев), "Қазфосфот" ЖШС (Жамбыл облысы, басқарма төрағасы – Мақсұтбек Есенов) және "Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты" ЖШС (Ақтөбе облысы, бас директоры – Қанат Тапаев) ие болды.

"Ұлы дала елі" сыйлығын 2016 жылы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы тағайындады.  Ол үздік  тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге өз тауарын халықаралық нарықта ұсынуға мүмкіндік беріп, оларды бәсекеге қабілетті етеді. 

Іс-шараға мемлекеттік органдар, ұлттық компания басшылары, депутаттар, қоғамдық ұйым өкілдері, ірі өнеркәсіптік кәсіпорын жетекшілері мен байқау лауреаттары қатысуда.

Дереккөз: sputniknews.kz

6 желтоқсан 2017, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.