Атырау, 23 желтоқсан 19:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сағынтаев: Пойыз қозғалды, соңғы вагонға мінуге мүмкіндігіміз бар

1 657 рет қаралды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Технологиялық жаңғыруды цифрландыру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қолданыстағы ескі база негізінде инвестиция үшін күресер болса, алысқа бармайтындығымызды түсіндік. Сондықтан Президент Нұрсұлтан Назарбаев үшінші жаңғыру туралы жария етті. Оның басты локомативі технологиялық жаңғыру саналады. Ал оны цифрландыру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Біз елді цифрландыру бойынша жұмыстарды бастау қажетті жайында айтқанымызда көпшілігі оны ІТ-саланы дамыту ретінде түсінді. Ал біз бүкіл экономиканы өзгертуіміз қажеттігін түсіндік. Ол бүгінде әлемде бар талаптарға сәйкес қайта түзелуі тиіс. Барлық жағдай өте жылдам өзгеріп жатыр. Егер біз ұзақ ойланып, заңнамаға сәйкесінше өзгерістер қабылдайтын болсақ, онда тағы кеш қаламыз. Біз «пойыз орнынан қозғалды, бірақ, соңғы вагонға секіріп міну мүмкіндігіміз бар» дейміз. Бірақ, біз мұны дәл қазір жасамасақ, онда әлемде жасалған дүниені тұтынушы болып қала береміз», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар ол цифрландырудың Қазақстан бизнесі үшін де қатысы болатындығын баса айтты.

«Егер біз ел қарқынды дамып, бәсекеге қабілетті болғанын қалайтын болсақ, онда компаниялар да бүгінгі күні өздерінің философиясы мен идеологиясын өзгертулері тиіс. Сондықтан да бізде уақыт жоқ. Біз өте жылдам қозғалып келеміз. Қарапайым ғана мысал, Президент экономиканы цифрландыруға ғана жауап беретін арнайы вице-премьерді тағайындады. Меніңше, мұндай вице-премьер ешқай елде жоқ», - деді Премьер-Министр.

Дереккөз: inform.kz

5 желтоқсан 2017, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.