Атырау, 23 желтоқсан 19:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Бестөбе кентіндегі шахтада заңсыз алтын іздеген ер адам қаза тапты

2 189 рет қаралды


АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында "Западная" шахтасында кен орнына заңсыз кірген ер адам қаза тапты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпаратынша, алтын өндіру компаниясының шахтасындағы қайғылы оқиға туралы хабар 4 қараша күні кешке түскен. 

Кейінірек Бестөбе кентіндегі "Западная" шахтасында 1963 жылғы ер адамның денесі табылғаны белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам кен орнына заңсыз кіріп, тау жынысы опырылғанда үйінді астында қаза тапқан. 

Осыған ұқсас жағдай Бестөбе кентінде 24 қарашада да болған еді: "Қазақалтын" ТКК АҚ-ға тиесілі кен орнына заңсыз кірген алтын іздеуші дәл осылай қаза болды.

Дереккөз: sputniknews.kz

5 желтоқсан 2017, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.