Атырау, 23 желтоқсан 19:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Криптовалюта саудасы: Астаналық 11 мың долларынан айырылды

1 778 рет қаралды


Елордалық полицейлер криптовалюта сату кезінде алаяқтық жасаған 28 жастағы Алматы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ІІД таратқан мәліметтерге қарағанда, полицияға 29 жастағы Астана тұрғыны белгісіз біреудің алаяқтық жолмен қаржылай ақшасын иемденіп алғанын айтып, шағым түсірген. Оның айтуынша, сайттардың бірінен криптовалюта сату туралы хабарламаны көріп, «сатушымен» байланысқан. Сауда орталықтарының бірінде кездесу кезінде зардап шегуші оған 11 200 доллар берген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 190-бабымен («алаяқтық жасау») сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Ер адам Астана қалалық ІІД-ның уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Астана қалалық ІІД ақшалай операцияларды жүргізу кезінде сақ болуға кеңес береді.

Дереккөз: ҚазАқпарат


4 желтоқсан 2017, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.