Атырау облысындағы спорт жұлдыздарының тағдыры туралы әңгімені жалғастырамыз.
2008-2015 жылдары БАҚ беттерінде Мақат поселкесінің жанындағы шағын ғана Бәйгетөбе ауылының 30 жастағы тұрғыны Қуангүл Досахаева туралы көп жазылды. Ол үш дүркін әлем чемпионы және бір рет кір тасын көтеру спорты бойынша әлем рекордшысы болды. Осы тума талантты ашқан бапкері Игорь Мырғамбаев ҚР Еңбек сіңірген бапкер атағын алды. Қуангүлдің өзі бір кездері Мақат ауданындағы БЖСМ-де ауыр атлетика бойынша бапкер болып жұмыс жасады. Қазір чемпион спорттан мүлдем кетіп қалды.
Пауеден Сақауов: 25 жаста, кекушинкай-карате-додан 10 дүркін ҚР чемпионы, АҚШ ашық чемпионатының қола жүлдегері, Ресей чемпионы, 2013 жылы әлемдегі кекушиннің үздік сегіздігі қатарына енген. Қазір шетелдік компанияда инженер-бағдарламашы болып жұмыс жасайды. Каратеші мансабын уақытында аяқтадым деп есептейді:
– 2013 жылы спорт мансабымның шыңында болдым. Тек әлемнің абсолюттік чемпионатында жеңу ғана қалды (салмақсыз). Бірақ жұмысқа орналасу туралы жақсы ұсыныс түсіп, саналы түрде спорттан кеттім.
2016 жылдан бері жастар арасындағы грек-рим күресінен Азия чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері, 3 дүркін ҚР чемпионы, 27 жастағы Илья Насточенко туралы еш хабар болмай кетті.
– Өткен жылдың аяғында аяғымды сындырып алып, бір жыл бойы жұмыссыз отырдым, енді сауықтым. Енді желтоқсанда зақым алғаннан кейін алғашқы жаттығу жиындарына барамын. Ақпанда ҚР чемпионаты өтеді. Ұлттық құрамадағы өз позициямды қайтару үшін чемпионатта жеңуім керек.
Марат Жаңбыр, 21 жаста, жастар мен ересектер арасында шиторю-карате-додан 2 дүркін Азия чемпионы, карате-до WKF бойынша (олимпиадалық нұсқа) 2 дүркін Азия чемпионы. Екі жыл бұрын күтпеген жерден спорттан кетті. Әкесінің кеңесін тыңдап, самосовал көлігіне отырды. Уақытша жұмыс жасап жүргенін, кері келгісі келетінін айтады. Оған себеп - каратенің 2020 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енуі екенін жасырмады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Сурет П. Сақауовтың және «АЖ» мұрағатынан алынды