Атырау, 20 сәуір 08:44
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ұлттық банк зейнетақы активтерін сырттай басқару бойынша тендер жариялады

2 373 просмотра

Фото: Kapital.kz

Ұлттық Банк «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-тың активтері үшін «АҚШ долларымен номинирленген инвестициялық деңгейі жоғары капиталдандырылған жаһандық корпоративтік облигациялар» мандаты бойынша сыртқы басқарушыларды таңдау жөнінде тендер жариялады. Бұл туралы банктің ресми сайтында хабарланды.  

"АҚШ долларымен номинирленген инвестициялық деңгейі жоғары капиталдандырылған жаһандық корпоративтік облигациялар" мандатының этолонды портфелі The ICE Bank of America Merrill Lynch Q980 Custom Index (Блумберг тикер: Q980) бола алады. Мандаттың болжалды көлемі 250−300 млн АҚШ долларын құрайды», — делінген сыртқы басқару мандатына қатысты сипаттамада. 

Тендер бойынша өтініш беру мерзімі 2017 жылдың 29 желтоқсанында аяқталады. Зейнетақы активтерін сырттай басқарушы болғысы келетіндердің облигацияларды басқару бойынша кемінде 10 жыл, "АҚШ долларымен номинирленген инвестициялық деңгейі жоғары капиталдандырылған жаһандық корпоративтік облигациялар" мандаты бойынша 5 жылдық жұмыс тәжірибесі болу керек немесе жаһандық мандатты қамтуы 75%-дан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, сыртқы басқарушының басқаруында клиенттердің жалпы активтері мен консультациялық қызметтер бойынша 25 млрд АҚШ доллары (немесе басқа валютада) болуы қажет. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


29 қараша 2017, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.