Атырау, 25 сәуір 04:06
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Дәурен Абаев интернеттегі жасырын пікірлерді шектеуге қатысты ойын білдірді

2 403 просмотра


ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев интернетте жасырын пікір жазуға шектеу қою желіде ұлтаралық араздықты тудырып, өзге азаматтардың ар-намысына нұқсан келтіретіндерді жазалауға мүмкіндік береріне сенімді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пікір қалдыру барысында ұлтаралық араздықты қоздырудың көптеген фактілері, келеңсіздіктер, азаматтарды кемсітушілік сияқты жайттар орын алып жатады. Біз ақпараттық порталдар пікірді кімдер қалдыратынын білу  үшін қадағалау мүмкіндігін енгізуді жоспарлаудамыз. Бұл былай болады: біз лақап ат пайдалану құқығын қалай болғанда да алып тастамаймыз. Бұл жерде ешқандай проблема жоқ. Дегенмен, ақпараттық портал аталған лақап атпен белгілі бір азаматтың тіркелгенін білетін болады. Ұлтаралық араздықты қоздыру, конституцияға қайшы қандай да бір іс-әрекетке шақыру орын алған жағдайда құқық қорғау органдарына оны қадағалап, талап қоюына мүмкіндігі болады деп ойлаймын», - деді Дәурен Абаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, заңнамаға енгізілетін түзетулер пікір жазуға, тіпті сыни пікір жазуға да шектеу қоюды көздемейді. Сонымен қатар министр Қазақстанның кез келген азаматы ойын ашық айтуы тиістігін баса айтты.

Айта кетейік, 22 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдаған болатын. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

28 қараша 2017, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.