Атырау, 23 желтоқсан 17:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Мәжіліс депутаты: Қазақстанның арзан көмірі әлі 300 жылға жетеді

2 754 рет қаралды


Қазақстанның арзан көмірі әлі 300 жылға жетеді – деп мәлімдеді Парламент Мәжілісінің депутаты Альберт Рау. 

Қараша айының 27-сі күні Тұңғыш президент күніне орай өткен халықаралық Парламент конференциясында сөз сөйлеген Альберт Рау: «Баламалы энергия көздеріне көшуге асықпаған дұрыс. Біз де бұл салада жетістіктер жоқ емес, бірақ бұған эволюциялық жолмен келген абзал. Біздің 70 пайыз жылу электр станцияларымыз көмір жағады. Арзан көмір бізге әлі 300 жылға жетеді. Сол себепті бұл салада бізге асықпау керек» - деген. 

Естеріңізге салайық, Қазақстан үш ай жазда қыруар қаржы жұмсап "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізген болатын. Бірақ оның тақырыбы Мәжіліс депутаты айтқан 300 жылдық көмір қорымен мүлдем сәйкес келмейді.

Дереккөз: qazaqtimes.com 


28 қараша 2017, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.