Атырау, 3 ақпан 09:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59

Петропавл маңында тепловоз көлікпен соқтығысты

1 708 рет қаралды


Петропавлск станциясында тепловоз "МАЗ" автокөлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Петропавл станциясын "Российские железные дороги" АҚ басқарады.  "2017 жылы 26 тамызда сағат 00:57-де Петропавл станциясында технологиялық өткелде "Леском" (РФ) ЖШС СҚО 10 шақырым жылдамдықпен ЧМЭ-3 тепловозы "МАЗ" маркалы көлікпен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан тепловоз рельстен шығып кетті, ал "МАЗ" бір жанына аударылып қалды", - деп хабарлады "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіндегілер.  

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жол апатына темір жолдан өту ережесін бұзған "МАЗ" жүргізушісі кінәлі екені айтылады.

Дереккөз: Tengrinews.kz


28 қараша 2017, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.