Атырау, 26 сәуір 13:23
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Стратегиялық жоспарда экономикалық өсімнің үш драйвері белгіленді – Тимур Сүлейменов

1 455 просмотра


ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысында 2025 жылға дейінгі статегиялық даму жоспары жобасындағы экономикалық өсімнің үш негізгі драйвері белгіленгенін атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Стратегиялық жоспар жаңа, технологияландырылған, экспортқа бағдарланған экономиканы қалыптастыруға бағытталған экономикалық өсімнің жаңа моделін айқындайды. Өсімнің үш драйвері белгіленді», - деді Сүлейменов.

Сондай-ақ, министр экономикалық өсімнің негізгі үш драйверіне тоқталып өтті.

«Дамудың бірінші драйвері - өндіріске арналған ресрустарға шығындарды және өнімдерді тасымалдау және сатуға шығындарды азайту, технологиялық жаңартуға және цифрландыруға инвестициялар құю және жасыл экономикаға көшу үшін жағдай туғызу есебінен өнімділікті арттыру болып табылады. Өсімнің екінші драйвері - жоғары қосылған құндағы тауарлар мен қызмет көрсетулерге екпін түсіру, жеткізілімнің ғаламдық тізбесіне енгізу болып табылады. Нәтижесінде басты экспорттық позиция бойынша жаһандық нарықтағы позициялар арттырылуы тиіс. Өсімнің үшінші драйвері - жаңа жоғары өнімділіктегі экономика салаларын құру болмақ, олар жеткізілімдер тізбегін құру және айналасындағы қызмет көрсетуді дамыту есебінен және қолда бар салалар, технологиялық компанияларды оқшаулау, технологиялар трансферін және инновацияларды коммерцияландыру жағдайында пайда болуы тиіс», - деді министр.

Осы орайда ведомство басшысы адамдардың өсу сапасы мен өмір сүру сапасының маңыздылығын алға тартты.

«Біз сыртқы конъюнктураға тым тәуелді емес тұрақты сапалы өсім міндетін қойып отырғандықтан, тек қарқын ғана емес, сонымен бірге адамдардың өсу сапасы мен өмір сүру сапасы маңызды болып табылады. Сондықтан Стратегиялық жоспар аясында біз өзекті ұлттық индикаторларды анықтадық, олар үш маңызды құрамдас бөлікті (өсу қарқыны, өсім сапасы және өмір сүру сапасы) және әлемдік дамыған 30-дыққа ену жолындағы прогрессті бейнелейді», - деді Сүлейменов.

Дереккөз: Baq.kz 

28 қараша 2017, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.