Атырау, 23 желтоқсан 17:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Маңғыстауда теміржолдағы апаттан зардап шеккендерге өтемақы беріледі

1 953 рет қаралды


Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Жаңаөзенде тепловоздың бағдардағы "ГАЗельмен" соқтығысуы салдарынан зардап шеккендердің отбасыларына 20 миллион теңгені үлестіруді тапсырды.  

"Қаза болғандардың отбасы миллион теңгеден алады. Жан сақтау бөлімінде ауыр хәлде жатқан тоғыз адамға 500 мың теңгеден беріледі. Тағы 18 зардап шегушіге 300 мың теңгеден бөлінеді", — деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметкерлері жол апатынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету үшін бір күндік жалақыларын аударды.  

Жаңаөзен әкімдігі жанынан зардап шеккендерге көмек көрсетумен айналысатын 15 адамнан тұратын комиссия құрылды. Материалдық көмек көрсету үшін қор ашылды. Комиссия мен қордың жұмысын облыс әкімі Ералы Тоғжановтың өзі бақылап отырады.  

25 қараша күні Жаңаөзен қаласы маңындағы Теңге ауылына жақын жердегі теміржол өткелінде тепловоз  бағдардағы "ГАЗельмен" соқтығысты. Жол апатынан 36 адам зардап шекті, тоғызы қаза болды, 27 адам ауруханаға жатқызылды.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

27 қараша 2017, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.