Атырау, 23 желтоқсан 17:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қанат Бозымбаев бензин тапшылығы қайталанбайтынын айтты

2 114 рет қаралды

Фото: Baq.kz

Мемлекет басшысынан сөгіс алған ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин тапшылығы мәселесі қайталанбайтынын айтты. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

Журналист: «Күздегі жанармай тапшылығы кезіндегі мәселе бойынша сіздің орынбасарыңыз бен «ҚазМұнайГаз» президентінің орныбасары қызметінен кетті. Сіз сөгіс алдыңыз. Енді келесіде осындай жағдай қайталанса тікелей өз мойныңызға ала аласыз ба?» – деген сауал жолдады.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ол мәселенің қайталанбайтынын мәлімдеді.

«Сөгіс алдық. Іс-қимыл жасап жатырмыз. Енді ол мәселе қайталанбайтын шығар деп ойлаймын. Екі-үш рет бола ма, бесінші рет бола ма менің басшыларым бар. Не істейді, қандай шаралар қабылдайды олар өздері біледі», - деді ҚР энгетика министрі Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслиxатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялаған болатын.

Дереккөз: Baq.kz

27 қараша 2017, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.